Петропавлдағы бірқатар білім және спорт ошақтарына Алаш арыстарының есімдері берілді
Петропавлдағы бірқатар білім және спорт ошақтарына Алаш арыстарының есімдері берілді
341
оқылды
Петропавл қаласындағы бірқатар білім және спорт ошақтарына Алаш арыстарының есімдері берілді. Бұл – көптен күткен жағымды жаңалық. Атап айтқанда, №25 жалпы білім беретін орта мектепке – қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, Әлихан Бөкейханның, №2 орта мектепке – кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткері, Солтүстік Қазақстан өңірінің тумасы Смағұл Сәдуақасұлының, №9 орта мектепке қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ халқының 20-шы ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекеттік қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Ал ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі енді қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан есімімен аталатын болды.  width= Өзге ұлт өкілдері басым өңірде бастапқыда мұндай ұсынысқа қарсылық білдірушілер көп болған-ды. Олар Алаш ардақтыларын есімдері өздеріне таныс еместігін, ешқайсысын білмейтіндіктерін алға тартып, жылы қабақ таныта қоймап еді.  Бірақ ұзаққа созылған түсіндіру жұмыстарынан кейін беттері бері қарап, ұсынысқа келісімдерін берген-тін. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облыстық мәлихатының бүгін өткен 10-шы сессиясында депутаттар осындай шешім қабылдады.  

Роза ШӘКЕН,

Солтүстік Қазақстан облысы.