Полиция бөлімінің басшысы даулы видеодан кейін қызметінен босатылды
Полиция бөлімінің басшысы даулы видеодан кейін қызметінен босатылды
Фото: Видеодан
380
оқылды
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан әуежайында түсірілген даулы видеоға қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желіде «елорда әуежайының полиция бөлімінің бастығы әріптесін ұрып-соқты» деген видео тараған. Полиция департаментінің хабарлауынша, видео жарияланғаннан кейін қызметтік тексеру жүргізілген.
«Көліктегі полиция департаментінің бұйрығымен Желілік полиция бөлімінің басшысы және оның Кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды. Сонымен қатар желілік полицияның басшылық қызметтегі қызметкерлеріне де қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті. «Көліктегі полиция департаментінің басшылығы бұл жағдайды өрескел және қолайсыз деп санайтынын хабарлайды. Қызметтік-әскери тәртіпті бұзатын басшылар мен қызметкерлерден өз қатарын тазарту қағидатын ұстанады» – делінген хабарламада.