Қостанайда көпқабатты үйден өрт шығып, екі адам зардап шекті
Қостанайда көпқабатты үйден өрт шығып, екі адам зардап шекті
Фото: stihi.ru
Қостанайдағы Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үй өртеніп, тұрғындары эвакуацияланды. 20 қазан күні сағат 00:47-де қаладағы Чкалов көшесінде бес қабатты үйдегі пәтерден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер төтенше оқиға орнына бірнеше минуттан соң келіп, екінші қабатта орналасқан пәтерде 7 шаршы метр аумақта жиһаз, терезе және пластик балкон өртеніп жатқанын анықтаған. Пәтер ішінде екі адам: 1969 жылғы ер адам мен 1975 жылғы әйел болды. Құтқарушылар әйелді терезеден шығарды, ал балдақтың көмегімен жүрген ер адамды пәтер есігі арқылы эвакуациялауға тура келген.
«Құтқарушылар зардап шеккендерді медициналық қызметкерлерге тапсырды. Әйелдің денесін 10-19 пайыз күйік шалса, ал пәтер иесі болған ер адамның денесінің 30-39 пайызы күйген. Оған қоса, екеуінің де алкогольді мас күйде болғаны анықталды», – деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде зардап шеккендер Қостанай қалалық ауруханасында жатыр. «Өрт сағат 01:23-те сөндірілді. Оқиға орнында 3 техника мен жеке құрамның 10 қызметкері жұмыс істеген.