Актриса әлеуметтік желіде басынан өткен оқиғаны айтып берді.
«Күйеуге шығуға асықпаңыздаршы»: Айгүл Иманбаева қыздарға кеңес берді (видео)
201
оқылды

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, қыз баласы өзін бағалап, қадірін түсінгенде өзіне лайық адам кездеседі. Актриса әлеуметтік желіде басынан өткен оқиғаны айтып берді.

«Тұрмысқа шықпаған қыздар! Тұрмысқа шығуды армандап жүрсеңіздер, асықпаңыздаршы. Сен дайын болғанда, күшті күйеу өзі іздеп табады. Басымнан өткен оқиғаны айтқым келіп отыр. 2017 жылы университетте сабақ беретінмін. Бір күні алдымнан композитор Кеңес Дүйсекеев ағам шығып қалды. «Асыл жарым» деген әнім бар еді, соны сен орындасаң деп едім. Жүрші, тыңда» деді. Күшті ән. Сөзін ақын Абдрахман Асылбек жазған. «Аға, күшті ән екен. Бірақ менің күйеуім жоқ. Қалай айтамын?» дедім. «Тимесең, тиесің да» деп дүңк еткізді. Содан арада үш-төрт жыл өтіп кетті. Мен жаңағы әнді жүрексініп айта алмай жүрмін. Бірде ағаны көріп қалдым. «Әнді айтасың ба, болмаса, қайтар» деді. «Айтамын, айтамын» деп жатырмын. 2023 жылы оқуға кетердің алдында жеке концертімді бердім. Сол кеште тәуекел деп, сол әнді орындадым. Сөйтіп оқуға кеттім, сол жақта күйеуіммен таныстым», - дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.