Атырауда мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша, биылғы 9 айда құқық қорғау органдарында 18 дерек анықталған.
«Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары өзінің қарауындағы қызметкерлерінен пара алған үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысына сотталушының туыстарымен бірге ұжымдастары қатысты», – дейді А.Мамыт. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.