Түркияда әйелдерді "алдаған" Динара Қосжан кім?
Түркияда әйелдерді "алдаған" Динара Қосжан кім?
©А.Ахметқазы
506
оқылды

Желіде Түркияда жүрген бірнеше қазақстандықтың видеосы тарады. Олар танымал кәсіпкер, мотиваторлардың Түркиядан тауар алып-сатуды үйрететін 700 мың теңгелік курсына қатысқан. Азаматтар "кәсіпкерлер уәдесін орындамады" деп шағымданды. Aikyn.kz сол кәсіпкерлердің кім екенін анықтап, жазды.

Қазір кәсіпкерлердің бірі – Динара Қосжанның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Динара Қосжан кім? [caption id="attachment_167010" align="aligncenter" width="962"] Динара Қосжан Динара Қосжан. Фото Instagram парақшасынан алынды[/caption] Динара Қосжан әлеуметтік желіде өзін "Стамбұлдағы қазақ байері" деп таныстырған. Ол бұл бизнесті биыл жазда бастаған. 33 жастағы кәсіпкер Ақтаудың тумасы, алты баласы бар. Ол саудаға дейін бірнеше кәсіппен айналысқан. Кондитерлік өнім, той киім салоны, кофехана, кафе ашып, көбін сатып жіберген. [caption id="attachment_167014" align="aligncenter" width="762"] Динара Қосжан Динара Қосжан отбасымен[/caption] Алғашқы бизнесі 2015 жылы торт пісіріп, сатудан басталған. Кейін маңғыстаулық қыз-келіншектерге кондитерлік мастеркластар өткізген. [caption id="attachment_167013" align="aligncenter" width="831"] Динара Қосжан Динара Қосжан. Фото Instagram парақшасынан алынды[/caption] "2017 жылы көлігімізді 2,5 млн теңгеге сатып, төртқабатты ғимаратты жалға алып, Ақтаудағы ең алғашқы табиғи торттар цех-дүкенін аштық. Сол жылы екінші дүкенімізді және той киімдері салонын аштық", – дейді Динара Қосжан әлеуметтік желідегі жазбасында. [caption id="attachment_167012" align="aligncenter" width="773"] Динара Қосжан Динара Қосжан. Фото Instagram парақшасынан алынды[/caption] Аталған кәсіптері арқылы Маңғыстау өңіріне танымал жас кәсіпкер атанып, облыс, қала әкімдерінің марапатына ие болып, "Үздік жас кәсіпкер", "Кондитер Instabest" атанған.  Динара Қосжан Бірнеше рет жергілікті телеарнаға сұхбат берген.  Динара Қосжан Кәсіпкердің өзімен байланысқа шығып, мән-жайын сұрап едік. "Адвокатыммен ақылдастым әзірге ештеңе айта алмаймын. Себебі заң жүзінде жауап беруім керек", – деп жауап берді Динара Қосжан. Желіде шағымданғандардың айтуынша, "Стамбұлмен бизнес" жасауды үйретіп жүрген блогер Ұлдана Ерқасым және тележүргізуші Мақпал Қаратайқызы да бірнеше адамға берген уәдесін орындамаған. Ұлдана Ерқасым көпшілікке "Қослайк" реалити-шоуы арқылы танымал, "Хабар" арнасындағы бағдарламалардың бірін жүргізді. Оның  "Қоқыстан шыққан қыз" атты кітабы шыққан. Әлеуметтік желіде Стамбұлдан фабрика бағасымен тапсырыс қабылдайтынын жазған. Аzattyq-ruhy.kz порталының мәліметінше, продюсерлікпен айналысқан тележүргізуші Мақпал Қаратайқызының да үстінен 40-қа жуық азамат арыз түсірген.