Елордада ер адам 3 баласымен есікті ішінен жауып алып, полицейлерді оқ атамын деп қорқытты
Елордада ер адам 3 баласымен есікті ішінен жауып алып, полицейлерді оқ атамын деп қорқытты
Иллюстративное фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
236
оқылды
Елордада 21 қазанда сағат 06.15-те "102" нөміріне әкесі анасын ұрғаны туралы хабарлама түсті, – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Ш.Айтматов көшесіндегі үйдің ауласында 45 жастағы әйел болған, оны күйеуі жанжал кезінде ұрып-соғып, қуып жібергені белгілі болды. Полиция қызметкерлері пәтердің есігін қағып, іштегілерді сөзге тартпақ болған. Алайда ер адам егер біреу есікке жақындаса, оқ ататынын айтқан. Осы кезде пәтерде үш кәмелетке толмаған бала болған. Тәртіп сақшылары қаруы бар 39 жастағы тәртіп бұзушыны ұстады. Ер адам полицияға жеткізілді, оның әрекеттеріне қатысты құқықтық шаралар қолданылуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.