Шымкент тұрғынынан 15 мың қорап темекі тәркіленген
Шымкент тұрғынынан 15 мың қорап темекі тәркіленген
Шымкент тұрғынынан контрафакт 15 мың қорап темекі тәркіленген, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәлімдеуінше, темекі өнімдері акцизделетін тауарға жатады және міндетті түрде таңбалануы тиіс. Егер темекінің таңбасы болмаса, онда өнім контрафакті болып саналады. Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті қала аумағында темекі өнімдерін сату бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегінің жолын кесті.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тиісті акциздік маркасы жоқ және лицензиясыз «Senator», «Мальмо» және «Корона» маркалы темекі сатқан Шымкент қаласының тұрғыны Е.Ағманов ұсталды. Департамент қызметкерлері 15 000 қорап темекі өнімдерін тәркіледі»,- делінген хабарламада.
Е.Ағманов 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.