Ашық аспан астындағы айтулы шара
Ашық аспан астындағы айтулы шара
471
оқылды

Түркістан облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының жетекшісі Жан­се­рік Жұманов Мақтаарал ауданының өзін-өзі басқару ұйымының же­тек­шілерімен жиын өткізді. Одан кейін ол аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан құрылған «Жүректен жүрекке» еріктілер клубының мүшелерімен кездесті.

Бұл іс-шараға «Nur Otan» партиясы Мақ­таарал аудандық филиалы төра­ға­сының бірінші орынбасары, аудандық мәс­лихат депутаты Досым Асабаев пен аудан­дық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, аудандық мәслихат де­путаты Сүндет Кенжебаев қатысты. Кез­десу Мырзакент кентіндегі «Жастар ал­леясында» ашық аспан астында өтті. «Соңғы жылдардың Түркістан об­лы­сының жұртшылығы үшін ауырт­па­лы­ғы көп болды. Алдымен, Арыс қа­ла­сын­дағы жарылыс, сонан соң Мақ­таарал ауданындағы топан су, әлемдік эпидахуалдың күшеюі – бәрі-бәрі елдің жүйкесіне салмақ түсірді. Әйтсе де, апат тұсында халқымыз тарыдай шашылмай, жұдырықтай жұмылып, сынға түскен бірлігін көрсете білді. Елдің басына түс­кен нәубетті мемлекетпен қатар елі­міз­­дің түкпір-түкпірінен келген волон­терлар жұмыла көтеріп, қолұшын соз­ды. Ерікті түрде еңбек етті. Күн-түн де­­мей апаттың салдарын жоюға атса­лыс­­­қандардың ішінде өздеріңіз де бар­сыз­дар!» деген облыстық «Jas Otan» Жас­тар қанатының төрағасы Жансерік Жұ­ман мақтааралдық волонтерларға шы­найы алғысын білдіріп, апаттардан кейін де аудандағы эпидахуалдың тұ­рақ­тануына, халық денсаулығын сақ­тау­дағы тынымсыз еңбектеріне сәттілік ті­леді. Жиын барысында белсенділер мем­лекеттің бүгінде ел жастары үшін жа­салып жатқан жағдайлар – білім мен ғы­­лым, кәсіпкерлік, спорт пен мәде­ниет, әлеуметтік, IT саласымен қатар бас­қа да бағыттардағы мол мүмкіндіктер жайында сөз қозғап, «Мемлекет артқан се­німге қандай іс-әрекетпен жауап бере­міз?» деген сұрақ аясында пікір ал­мас­ты. Өзара достық қарым-қаты­нас­ты нығайтуға бағытталған семинар-тренингке қатысып, сергіту ойындарын ойнады. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында «Дип­ломмен ауылға!» мемлекеттік бағ­дар­лама аясында жыл басынан бері 520 жас маманға бір реттік көтермеақы бері­ліп, баспаналармен қамтамасыз етіл­ген. Жас спортшылар түрлі деңгей­дегі жарыстарда оза шауып, аудан қор­жынына 36 алтын, 75 күміс және 51 қола ме­даль салған. «Мұның бәрі мемлекет­тің жастарға жасаған қамқорлығының жемісі», дейді іс-шараны ұйымдастыру­шы­лар.

 Би-Барыс КӨКШЕ