Коммуналдық қызметтер талқыланды
Коммуналдық  қызметтер талқыланды
275
оқылды

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ержан Жылқыбаев қоғамдық қабылдау өткізді. Онда тұрғын үйге, арық жүйесіне, қоғамдық көліктің қатынауына және жер теліміне қатысты мәселелер қаралды.

Қала әкімі Ержан Жылқыбаев қа­был­­дау­ға келген азаматтарға көте­ріл­ген проб­лемалар бойынша заң ая­сын­да жауап берілетінін және оларды шешу бойын­ша тиісті сала басшы­ла­ры­на нұс­қау берілетіні түсіндірілді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы­ның Та­раз қалалық филиалы жанын­да­ғы пар­тиялық бақылау комиссия­сы­ның қала­да­ғы тұрғын үйлерге, ме­ке­мелер мен әлеу­­­­меттік нысандарға жылу беру мә­се­лесі талқыланды. Комиссия отырысында Тараз қа­ла­сы әкім­дігінің тұрғын жай-комму­нал­дық шаруа­шылық, жолаушы көлігі жә­не ав­томобиль жолдары және Тараз қа­ласы әкім­дігінің тұрғын үй қаты­нас­тары бө­лім­дерінің басшылары мен «Тараз­Транс­Энерго» мемлекетік ком­мунал­дық кә­сіпор­ны директорының орынбасары баян­дама жасады. Қаладағы көпқабатты тұрғын үй­лерді, ме­кемелерді және әлеуметтік ны­сан­дарды 7 кәсіпорын жылумен қам­тамасыз етеді. Жылумен қамта­ма­сыз етуші кә­сіп­орындардың барлығы қыс маусымына қа­жетті отынмен (кө­гіл­дір, қатты, сұйық) қам­тамасыз етіл­ген. «ТаразТрансЭнерго» мемлекеттік ком­­муналдық кәсіпорнына қарасты жылу желілерінің ұзындығы – 202,1 ша­­қырым. Кәсіпорын 1 037 көпқ­а­бат­ты тұр­ғын үйлерді, 330 мемлекеттік ме­ке­ме­лер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етеді. Жеке қа­зан­дықтар абоненттерінің саны – 2 338. Партиялық бақылау комиссиясы мү­ше­лерінің тарапынан тиісті мекеме бас­шыларына қаладағы тұрғын үйлер мен ме­кемелерге, әлеуметтік нысан­дар­ға жы­­лыту маусымы кезінде жылу­дың үз­дік­сіз берілуін қамтамасыз ету, Жамбыл облысы әкімдігінің Білім бас­қармасының «Соқыр және нашар кө­ретін балаларға арналған облыстық «Бо­лашақ» арнайы мек­теп-интер­наты» коммуналдық мем­лекеттік ме­кемесі аумағындағы жылу құ­быры ауыс­тырылған жердің асфальт жабын­дысын қайта қалпына келтіру мүм­кін­дігін қарастыру, жертөлелердегі жылу құбырлары ескірген үйлердің құ­быр­ларын алдағы жылдары ауыстыру бойын­ша тұрғындар арасында түсін­діру жұмыстарын жүргізу, жылу жүйесі ар­қылы жылуды көпқабатты үйлердегі эле­ватор торабының бірінші ысыр­масына дейін келісілген температура­лық ре­жим­де үздіксіз жеткізіп отыру жө­нінде және т.б. бірқатар ұсыныс беріл­ді.

Би-Барыс КӨКШЕ