Головкиннің кезекті жекпе-жегі Токиода өтпек
Головкиннің кезекті жекпе-жегі Токиода өтпек
284
оқылды

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен осы санаттағы WBA Super титулының иегері Риото Мурата жыл соңында жекпе-жек өткізеді.

ESPN инсайдері Дэн Рафаэльдің мәліметінше, жекпе-жекті 28 желтоқсан күні Токиода (Жапония) өткізу жоспарланған. Боксшылар сонымен қатар бұл жекпе-жекті өткізу үшін DAZN стримингтік сервистен рұқсат алуы тиіс. Атап өту керек, екі қарсылас рингке ұзақ уақыт бойы шықпаған. Головкин соңғы рет рингке 2020 жылдың желтоқсанында шығып, онда поляк боксшы Камил Шереметаны сүріндірген еді. Мурата болса, соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында жұдырықтасып, Канада боксшысы Стивен Батлерді жеңген болатын.

А.ЖАСАН