Головкин мен Әлімханұлының ESPN рейтингіндегі орны анықталды
Головкин мен Әлімханұлының ESPN рейтингіндегі орны анықталды
Фото: sports.kz.
ESPN телеарнасының сайты барлық салмақ санатындағы боксшылардың рейтингін жариялады. Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин екінші орнын, ал Жәнібек Әлімханұлы сегізінші орнын сақтап қалды, – деп жазады sports.kz. Бұрынғыша рейтингіде WBC титулының иегері АҚШ боксшысы Джермалл Чарло көш бастап тұр. ESPN нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздік ондық төмендегідей: 1 (1). Джермалл Чарло (АҚШ) 2 (2). Геннадий Головкин (Қазақстан) 3 (3). Деметриус Андраде (АҚШ) 4 (4). Риота Мурата (Жапония) 5 (5). Хайме Мунгия (Мексика) 6 (6). Сергей Деревянченко (Украина) 7 (7). Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания) 8 (8). Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 9 (-). Эрисланди Лара (Куба) 10 (9). Эскива Фалькао (Бразилия).