Александр Недовесов жартылай финалға шықты
Александр Недовесов жартылай финалға шықты
167
оқылды

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

А.Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге әуелі даниялық Фредерик Нильсен – хорватиялық Матей Шабановпен кездесті. Қазақстандық-украиналық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бүгін ширек финалда арген­тиналық Федерико Дельбонис – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кортқа шықты. Бірінші партияда Недовесов пен Молчанов басымдық көрсетті – 6:3. Содан кейін аргентиналық-испаниялық жұп матчты жалғастырудан бас тартты. А.Недовесов пен Д.Молчанов финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, франциялықтар Николя Маю – Фабрис Мартенмен таласады.

Э.ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ