Актер абайсызда операторды атып өлтіріп, режиссерді жаралады
Актер абайсызда операторды атып өлтіріп, режиссерді жаралады
Фото: Twitter.com
198
оқылды

ВВС-дің хабарлауынша, оператор Галина Хатчинс Санта-Фе қаласына таяу жерде «Раст» вестернін түсіріп жатқан кезде қаза тапты.

Оны кинода басты рөлді сомдайтын актер Алек Болдуин байқаусызда атып өлтірді.

Атқан оқтан фильмнің режиссері Джоэль Соус та жарақат алған. Оны шұғыл ауруханаға жеткізді.  

Бұған дейін біз қазақстандық актердің түсірілім алаңында қайтыс болғанын жазған болатынбыз.