Полицейлер 2007 жылы тауарлық несие алып, алаяқтық жасаған бұрынғы банк қызметкерін ұстады, – деп жазады Polisia.kz.
Жетісай аудандық ПБ-ға ер адам өзіне тиесілі есепшоттарының барлығы бұғатталғанын, ал банктерден себебін сұрағанында төленбей қалған несиесі барын білгенін айтып, арызданған.
Өзі ешқандай несие алмағандықтан полицейлерден араша сұрайды.
Полицейлер үздіксіз тексеру жүргізіп, іздестіру нәтижесінде, күдіктіні анықтады. Күдіктіні Шымкентте жалдамалы пәтерден ұстады. Оның бұрын банкте несие жөніндегі менеджер болып жұмыс істегенін анықтады.
Күдікті қызметін асыра пайдаланып, тауып алған жәбірленушінің жеке куәлігін пайдалана отырып, 2007 жылы несие рәсімдеген.
89 мың теңгеге теледидар алып, тауарлық несие келісімшартын жасап, өзі жәбірленушінің атынан қол қойған. 14 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды.