Pfizer, Vero Cell ақылы болады: 1 дозасы қанша тұрады?
Pfizer, Vero Cell ақылы болады: 1 дозасы қанша тұрады?
©А.Ахметқазы
301
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда шығарылмайтын коронавирусқа қарсы вакциналар болашақта ақылы болатынын айтты. Aikyn.kz шетелден жеткізілетін вакциналардың бағасын білді.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда шығарылатын вакциналар кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынады. Ал басқа екпелер ақылы болады.
"Біз өз вакцинамызды шығара аламыз. Оның клиникалық тиімділігі дәлелденген. Ол вакцинаны кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алатын боламыз. Бірақ басқа вакциналар тұмау мен басқа да екпелер сияқты коммерциялық айналымда болады. Адамдар ол вакциналарды ақылы түрде салдыра алады", - деді Алексей Цой.
Dw.com-ның мәліметінше, қазір ең қымбат вакцина - Moderna. Оның бір дозасын ел үкіметтері 25-37 АҚШ долларына алып келген. Biotech және Pfizer вакциналарының алғашқы партиясын бір дозасы үшін 19,50 долларға сатқан. Еуропа елдері үшін шамамен 18 долларға арзандатылған. Ресейлік "Спутник V" вакцинасы сыртқы нарыққа 10 доллардан сатылып келді. Ал ең арзан вакцина Оксфордтың AstraZeneca вакцинасы болып шықты. Бір дозасының бағасы шамамен 2,91 доллар тұрады. Ал Қытайдың Sinopharm вакцинасының бір дозасы сыртқы нарықта шамамен 37,6-40 долларға сатылған. Шетелдік ақпарат көзінде жазылған бұл көтерме бағалар әсіресе ірі клиенттерге арналған. Дегенмен Қазақстан Үкіметі вакцинаның бір дозасын осыншаға алғанымен, бөлшек саудадағы бағасы салыққа, логистикаға, көрсетілген қызметке байланысты құны сәл өсетіні белгілі. Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстанда коронавирусқа қарсы екі вакцина - QazVac пен Спутник V шығарылады. Ал Vero Cell мен CoronaVac сырттан жеткізіледі. Жақында Pfizer вакцинасын жеткізу жоспарланды.