Елордада басына шыны конструктор құлаған әйел жан сақтау бөлімінде жатыр
Елордада басына шыны конструктор құлаған әйел жан сақтау бөлімінде жатыр
Сурет: zakon.kz
204
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқыс оқиғаға қатысты түсініктеме берді.  
"Бас миының жартылай жарақаты бар науқас N2 көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға түскенде оның жағдайы ауыр деп бағаланды. Әйелге шұғыл түрде ота жасалды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады департаменттегілер.
  Дәрігерлер барлық қажетті емдік шараларды жүргізіп жатыр. Науқас тәулік бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында.