Қызылорда облысында із-түссіз жоғалған азаматтың мәйіті табылды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 12 қыркүйекте С.Бегімбай жеңіл автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына жолға шығып, хабар-ошарсыз кеткен.
Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған.
Іздестіру шараларына арнайы техника мен тікұшақ қолданылған. Нәтижесінде 19 қазанда «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 128-шақырымынан С.Бегімбайдың жеңіл автокөлігі және жеке заттары табылған.
22 қазанда «Қызылорда-Жезқазған» тасжолындағы далалық жерден белгісіз азаматтың мәйіті табылды.
Қазіргі уақытта оқиға болған жерде жедел тергеу тобы және төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.