Ауғанстанда жас волейболшы өлім жазасына кесілген
Ауғанстанда жас волейболшы өлім жазасына кесілген
Фото: news.myseldon.com
241
оқылды
Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) Ауғанстан әйелдер жасөспірімдер командасының ойыншысы Махжубин Хакимидің өлімін зерттейтіндерін айтты. New York Post хабарлауынша, «Талибан» қозғалысының мүшелері спортшыларды іздеу операциясы аясында ауған волейболшысы Махжубин Хакимиді өлім жазасына кескен. Бұған дейін тәліптер ауған әйелдеріне спортпен айналысуға тыйым салған.
"Федерация Хакимидің қайғылы өлімі туралы БАҚ-тың хабарламаларын таңғала қабылдады. Алайда, оның қайтыс болуының нақты себебі туралы басқа деректер де бар екенін атап өткен жөн. Сондықтан (FIVB) нақты деректерге қатысты зерттеулерді жалғастыруда", – деп хабарлайды Халықаралық федерацияның баспасөз қызметі.