Есілдің оң жағалауынан қаржыгерлер аллеясы ашылды
Есілдің оң жағалауынан қаржыгерлер аллеясы ашылды
Сурет: Александр Куприенко
244
оқылды

Биыл елордада 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды, – деп хабарлады Elorda.info.

«Осылайша, қалада көбірек «жасыл аралдар» мен экологиялық аймақтар ашылды. Сол сияқты тақырыптық алаңдарды абаттандырып, ашамыз. Бүгін, мысалы, оң жағалауда Қаржы министрлігі ғимаратының алдына ағаштар отырғызылды. Мұнда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қаржы министрлігі қызметінің 100 жылдығына орайластырылған қаржыгерлер аллеясын аштық. Министрліктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері де, еңбек ардагерлері де қатысты», – деді елорда әкімі.
 />

Оның айтуынша, ағаш, бұта, көшеттер қаланың барлық ауданына отырғызылатын болады.

<img src=
«Оның ішінде көрікті тұстарға, театрларға және өзге де орындарға ағаштар отырғызамыз. Экологияның жақсаруына үлес қосқан әрбір жанға алғыс айтамын!» – деп жазды Алтай Көлгінов.