Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола медальға қол жеткізді
Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қола медальға қол жеткізді
143
оқылды
Шорт-тректен Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогінің бірінші кезеңінде Қазақстан командасы екінші медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz.  Қазақстандық Денис Никиша 500 метрге жарысудан әлем кубогінің қола медалін иеленді. Ол аталған қашықтықты 40.876 секундта жүгіріп өткен. Алтын және күміс медальді венгриялықтар Шаолин Сандор мен Джон Генри Крюгер жеңіп алды. Айта кетелік, финалда екі рет ережені бұзғаны үшін Қытай және Канада спортшылары жарыстан шеттетілді. Бейжіңдегі әлем кубогінің бірінші кезеңі аяқталуға жақын. Бұған дейін Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан күміс медаль еншілеген болатын.