Екібастұзда белгісіз біреу саябаққа бомба қойылғанын хабарлаған
Екібастұзда белгісіз біреу саябаққа бомба қойылғанын хабарлаған
Фото: tass.ru
132
оқылды
Бомба туралы жалған хабар таратқан Екібастұз тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Өткен сейсенбі, 19 қазан сағат 20.35-те Екібастұз қаласының полициясына белгісіз біреу телефон соғып, саябақтардың біріне бомба қойылғанын айтты. Оқиға орнына дереу шұғыл күштер аттанды. Саперлер мен кинолог қызметтік итпен бірге бүкіл аумақты мұқият қарап шықты, алайда жарылғыш зат табылмады. Осыдан кейін жедел уәкілдер бомба жайлы хабарлаған адамды іздеуге кірісті. Ол 66 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам полицияға қоңырау шалғанда мас болған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция құқық қорғау органдарында мұндай әзілқойларды табу үшін қажетті техникалық мүмкіндіктер бар екенін еске салды.