Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
24 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
24 қазанда Павлодар облысының оңтүстік-батысында жел соғады 15-20 м/с сақталады.
24 қазанда Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Ақмола облысысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында 24 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.