Қазақ-қырғыз Үкіметтері деңгейінде Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімге қол қойылады. Соған орай Қазақстан тарапы қаулы әзірледі, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Айта кетсек, аталған құжат Қазақстанның Қырғызстанға әскери мүлікті бір жолғы беруі үшін құқықтық негіз ретінде әзірленген.
«Келісімді іске асыру Қырғыз Республикасы қарулы күштерінің өңірлік қауіпсіздікке төнетін қатерлерге тойтарыс беру жөніндегі мүмкіндіктерін күшейтуге ықпал етеді» делінген хабарламада.