Қазақстанның үш өңірінде ғана энергия тапшылығы жоқ

Қазақстанның үш өңірінде ғана энергия тапшылығы жоқ

Ranking.kz мәліметінше, биылғы сегіз айда Қазақстанда 74,9 млрд кВт·сағат электр энергиясы өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға артық, - деп хабарлайды Informburo.kz сайты.

Оның ішінде көмір жағу арқылы жұмыс істейтін жылу және газ-турбиналық электр станцияларының үлесіне Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 88,5%-ы (66,3 млрд кВт·сағат) тиесілі. Ал су электр станцияларының үлесі 6,2 млрд кВт·сағ немесе 8,3% болса, жаңартылатын энергия көздері электр энергиясының 3,2%-ын ғана (2,4 млрд кВт·сағат) береді. Порталдың дерегінше, тек үш облыста ғана энергия профициті байқалған. Олар – Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған өңірлерде қосымша энергияға деген қажеттілік бар. "Бұл жаңа қуаттылықтар енгізу қажеттілігін көрсетеді", – делінген портал талдауында. Бұдан әрі саладағы мәселелер келтірілген. Олардың негізгілері:
  • өңірлердегі жылу энергетикалық нысандарының жаңғырту, қайта құру және жаңа қуаттылықтарды енгізуді қажет етуі;
  • энергия өндіретін тарататын жабдықтардың тозуы (Электр станцияларының өндіріс жабдықтарының орташа тозу деңгейі 53 пайызды құрайды).