Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
25 қазан күні түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтілуде. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күннің соңында облыстың батысында 15-20 м/с-ті құрайды. Ақтауда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Желдің бағыты – солтүстік-шығыстан, күннің соңында 15-18 м/с-ті құрайды.
25 қазан күні түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Көкшетау қаласында түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с деп күтіледі.
Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертен тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді күтілуде.