Автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетіндегі бағанаға соғылды. Жол апатынан зардап шеккен жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 21:40 шамасында болған.
«Jaz le маркалы автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында, рульді басқара алмай, көше шамының бағанасына соғылды. Автобустың зардап шеккен бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.