"Жайлы тұрғын үй" бағдарламасы іске қосылмақ
"Жайлы тұрғын үй" бағдарламасы іске қосылмақ
Фото: Сian.ru
898
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы "Жайлы тұрғын үй" бағдарламасы іске қосылады.

LS агенттігінің жазуынша, 2022-2025 жылдары Қазақстанда тұрғын үйге 1,95 трлн теңге бөлінген. Оның ішінде 2022 жылы – 514,2 млрд теңге, 2023 жылы – 232,9 млрд теңге, 2024 жылы – 335,7 млрд теңге, 2025 жылы – 383,7 млрд теңге жұмсау жоспарланған. Осы қаржыға 103 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Жеке тұрғын үй үшін 237 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде ауылдық жерлерде 110 мың учаске және облыс орталықтары мен шағын қалаларда 125 мың учаске бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдан бастап жеке тұрғын үй қорында жалдау ақысын субсидиялау көзделетін болады. Адам басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар, кезекте тұрған 185 отбасы қолдауға ие болады. Жоба үшін учаскелерді және жылжымайтын мүлік көлемінің 50% сатып алу немесе жалға алу бойынша кепілдендірілген "офтейк-келісімшарттарды" ұсыну арқылы жеке құрылыс салушылардың инвестициялары тартылатын болады. Сонымен бірге пәтер кезегінде тұрған 404 мың адамды үймен қамту жоспарланған. "Жайлы тұрғын үй" бағдарламаның шарттары әзірге белгісіз.