5 адамның өмірін қиған жол апаты: Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды
5 адамның өмірін қиған жол апаты: Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды
© liter.kz
247
оқылды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында биыл 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында көпірде болған жол апатының мән-жайына қатысты сауал қойылды.
«Иә, аталған жол-көлік оқиғасы қоғамды бей-жай қалдырмады. Қазіргі таңда елорданың полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Нақты айтқанда, Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-тармағына сәйкес жол ережесін бұза отырып, 2 немесе одан да көп адамның өліміне себеп болу және 347-баптың 1-тармағына сәйкес оқиға орнынан кетіп қалуға қатысты тергеу жүріп жатыр. Апат орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Күдікті деп танылған 19 жастағы елорда тұрғыны бүгінде 2 айға уақытша қамауға алынды. Жол апатының уақытына келсек, ол бізде нақты тіркелген. Түнгі сағат 00:18-де болған. Бұл – біздегі ресми дерек», – деп жауап берді ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжан Әбілов.
Еске сала кетсек, аталған жантүршігерлік апат 30 қыркүйек күні түнде болды. «Toyota Camry» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзенінен өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп келе жатып, жылдамдық режимін сақтамаған. Салдарынан көлік жүргізушісімен қоса тағы 4 адам жан тапсырды.