Көкшетаудағы монша кешенінде 7, 9 және 17 жас аралығындағы үш бала уланып қалды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Оқиға 23 қазанда болған.
«Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына «химиялық затпен улану» диагнозымен 7, 9 және 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған үш бала жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі «...қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды» делінген хабарламада.