Елордада басына металл конструкция құлаған әйел ауыр халде жатыр
Елордада басына металл конструкция құлаған әйел ауыр халде жатыр
283
оқылды
 
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Нұр-Сұлтанда үстіне металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы туралы айтты.
"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Науқасқа қажетті медициналық көмек беріліп жатыр, мамандардың тұрақты бақылауында", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
22 қазанда Сығанақ көшесіндегі сауда үйінің кіреберісінде әйелге металл конструкция құлаған.