Оралда 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды
Оралда 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды
Фото: Sputnik.kz
304
оқылды
Полиция департаменті Орал қаласының екі тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Операцияға полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері қатысты. Күдіктілерді ұстаған сәт видеоға түсіп қалған.
"Криминалдық полиция басқармасына Орал қаласының 41 және 35 жастағы екі тұрғынының зорлық-зомбылық көрсетіп, 40 жастағы тұрғыннан екі миллион теңге қорқытып алатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді, ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінің басқа да жайлары анықталды", - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір тергеу ұсталғандардың қылмысынан зардап шеккен адамдарды анықтап, олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Осы бап бойынша күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.