Алматы Rexona мен NIVEA-ны жеңіп шықты
Алматы Rexona мен NIVEA-ны жеңіп шықты
245
оқылды

Жаһандық бренд иеле­рімен 1,5 жыл бойы сот­тас­қан қазақстандық антимо­нополияшылар жеңіске жет­ті. Алматы қаласы бо­йынша Монополияға қарсы департамент шығарған ұй­ға­рымды сот ақыры заң­ды деп таныды.

2019 жылдың маусымында Алматы қаласы бойынша Мо­нополияға қарсы департаментіне «Юнилевер Қазақстан» ЖШС-ның (Rexona бренді) жөн-жо­сықсыз және шындыққа сәйкес келмейтін жалған жарнамасына қатысты шағым түседі. Өтінішті қарау барысында департамент компания қолтықтың терлеуін тоқтататын Rexona атты өнімін сату кезінде «Жағымсыз иістен 10 есе жақсы қорғау» ұранын қолданғанын анықтады. Алайда жаһандық брендтің уәдесі микро­биологиялық in-vitro тест нәтижелері бойынша алынған деректерге сәйкес келмепті. Осының негізінде Монопо­лияға қарсы департамент «Юни­левер Қазақстан» ЖШС атына жосықсыз бәсекелестікті тоқ­тату және алдағы уақытта Қазақ­стан­ның бәсекелестікті қорғау заң­намасын бұзуға жол бермеу ту­ра­лы хабарлама енгізді. Ха­бар­лама орындалды, компания өті­рік мағлұмат жазылған тауар­ды сатуын тоқтатты. Ал қапта­масына зерттеу нәтижесінде алын­ған нақты деректер көрсе­тілді: «Микробиологиялық in-vitro тестінің нәтижелері бойын­ша – бактерияларға қарсы 10 есе жақсы қорғау: антиперспи­рантты пайдаланбай тек кәдімгі са­бын­мен салыстырғанда қол­данған­нан кейін 5 және 24 са­ғаттан ке­йін бактерияларды 10 есе қыс­қарту» деген жазу пайда болған. Ізінше 2019 жылдың қаза­нында Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы департа­мен­тіне енді «Юнилевер Қазақ­стан» ЖШС-інен бәсекелесі «Байерсдорф Қазақстан» ЖШС-ның әрекетіне қатысты өтініш келіп түсті. Онда: «Төл сайтында және дүкен сөрелерінде орна­ластырылған жарнамалық мате­риалдарында «Nivea қара және ақ көрінбейтін» антиперспи­ранты «Дақтарға қарсы әлемдегі №1 антиперспирант» деген мә­лімдеме жасады, мұнысы шын­дыққа жанаспайды» делінген. Тексеру барысында бұл ақпарат расталды. «Байерсдорф Қазақ­стан» ЖШС атына Қазақстан заңнамасын бұзуды тоқтату және алдағы уақытта жол бермеу туралы хабарлама енгізілді. Алайда ол хабарламаны орын­­­дамады. Сондықтан Моно­по­лия­ға қарсы департамент тер­геу жүр­гізді. Соттасу бас­талып, ол 1,5 жылға созылды. Алматы қа­ла­лық соты депар­таменттің нұс­қа­масын заңды және негізді деп таныды. 30 қыр­күйекте «Ба­йер­с­дорф Қа­зақ­­стан» ЖШС өз өні­мі­нен жал­­­ған ақпаратты жо­йып, нұс­қаманы орындады.

Ерік ЕРДЕНОВ