Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
199
оқылды

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.

67 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Абылайхан дүниежүзілік біріншіліктің бірінші айналымында Тайбэй спортшысы     Ю Линемді айқын басымдылықпен жеңді. Кездесу 5:0 есебімен Абылайхан Жүсіповтің пайдасына аяқталып, отандасымыз келесі айналымға жолдама алды.

Оның келесі қарсыласы Венесуэла спортшысы Кристиан Томас болмақ. Аталған салмақ бойынша боксшылар 28 қазан күні 1/16 финалда шеберлік байқасады.