Қазақстанда әрбір алтыншы кәсіпкер бизнес ашу үшін қарыз алған – зерттеу
Қазақстанда әрбір алтыншы кәсіпкер бизнес ашу үшін қарыз алған – зерттеу
Фото: yandex.kz
267
оқылды

IDF Eurasia-ның зерттеуі бойынша, кәсіп ашу үшін көпшілігі қарыз алған. Кәсіпкерлердің төрттен бірі бизнесті бастау үшін жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, ақша алды.

Сауалнамаға 15 мың шағын бизнес өкілі қатысқан. Олардың 21%-і бизнес бастау үшін туыстары мен таныстарынан ақша алған. Көпшілігі кредит алғанды жөн көрген. Атап айтқанда, 25%-і жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, кредит рәсімдеді. Ал 20%-і тұтынушылық кредит алған.

Респонденттердің 5%-і бизнесті дамытудың түрлі қорлардың грантын алды. Жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің 3%-і краундфандинг арқылы, 2%-і инвесторлардан қолдау тапқан. Жаңадан бастаған кәсіпкерлердің тек 1%-і венчурлік қорлардан көмек алды.

Кәсіпкерлердің 85%-і бизнесті дамыту үшін қарызды пайдаланатынын, ал 15%-і кредитті төлегеннен кейін қайтадан қарызға ақша алу жоспарында жоқ екенін айтқан.