Қызылордалық полицейлер «Рефлекс-2021» жедел профилактикалық шарасы барысында облыс орталығында аса ірі көлемде синтетикалық «меткатинон», «мефедрон» есірткі заттарын жасырын таратып жүрген қала тұрғынын ұстады.
Күдікті мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс алып, оларды қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге тастап кетіп отырған. Полицейлер курьерді синтетикалық бетбелгі (закладка) қалдырып жатқан жерінен тұтқындады. Айғақ зат ретінде барлығы 72 дана синтетикалық заты бар орама алынды. https://youtu.be/aMe3Za1uzY8 «Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды» делінген облыстық полиция таратқан ақпаратта.Ерқанат СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы