Тараздық полицейлер қала тұрғынынан 45 келідей есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу-Меркі автожолынан 4 шақырым жерде орналасқан “Сарғау” құмға жақын маңдағы аймақта есірткі заттарын дайындау кезінде Тараз қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады.
Жақын маңдағы аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 44 келі 320 грамм “кептірілген марихуана” есірткі заты бар төрт қап табылып, тәркіленді.
https://www.youtube.com/watch?v=JtibM6rPaSU&feature=emb_title
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.