«Тараз» бапкері қызметінен кетті
«Тараз» бапкері қызметінен кетті
221
оқылды

Ол шымкенттік «Ордабасы» командасымен өткен ойыннан кейін осындай шешім қабылдаған. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мұндай шешім қабылдау оңай емес. Маған «Тараз» клубында жұмыс істеуге мүмкіндік берген жандарға алғысым шексіз. Сондай-ақ бізді қолдап, командамен бірге болған барлық адал жанкүйерлерге рақметімді айтқым келеді. Командадағы ойыншылар да жарады, біздің барлық қиындықтарымызға қарамастан, әрқашан өздерін лайықты түрде ұстады. Барлығыңызды жарқын болашақ күтіп тұр, тек тынбай жұмыс істеу керек. Баршаңызға сәттілік! – деді Вардан Минасян.

Әзірге «Тараздың» тізгінін Сергей Тагиев ұстайтын болды. Команданы алдағы ойындарға аталған маман бастап шығады.

Айта кетейік, Вардан Минасян «Тараз» командасына дейін Армения ұлттық құрамасын және жергілікті «Пюник», «Арарат» футбол клубтарын жаттықтырды.