Биыл 26 қазанда Алматыда «қаржы пирамидасын ұйымдастырды» деген айыппен Mudarabah Capital компаниясының басшысы ұсталды. 1981 жылы туған Б. есімді күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-дағы парақшасында жазды.
Биыл 27 сәуірде полицияға ASTEX.KZ, ACD technology ЖШС-на қатысты «қаржы пирамидасын құрды» деген шағыммен бір топ адам арызданған.
Тергеу барысында 2019 жылғы ақпан мен 2021 жылғы қаңтар аралығында ЖШС өкілдері екіжақты келісім бойынша ай сайын әр салымшыға фирмаға салған сомасының 20 пайызын төлеуі керек екені анықталды.
Astex.kz ЖШС-ға 160 салымшының 2 миллиард теңгеден астам қаражаты басқа компания – Mudaraban Capital ЖШС арқылы аударылған. Басқа компаниялар арқылы салымшылардан түскен ақша Astex.kz ЖШС және ACD Technology ЖШС-ға аударылғаны белгілі болды. Тергеу жүргізіліп жатыр.