Жан-жануар, ит-мысықты азаптағандарды БАҚ-та насихаттауға тыйым салынады  
Жан-жануар, ит-мысықты азаптағандарды БАҚ-та насихаттауға тыйым салынады  
Фото: moskva.bezformata.com
437
оқылды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Негізгі мақсат – жануарларға жауапкершілікпен қарау. Сондықтан Қазақстанның Қылмыстық кодексіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, жан-жануар, ит-мысықты азаптағандар жазасыз қалмайды. Сондай-ақ заң жобасы барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салады.

Заң жобасында жануарларды питомник, панажай, зоологиялық қонақүйлер, уақытша асырау пункттер, жануарларға арналған оңалту орталықтарында ұстау тәртібін, жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдалану тәртібі мен талаптарын, мекендеу ортасына қайтару мүмкін болмайтын жабайы жануарларды еріксіз ұстау тәртібін, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды ұстау тәртібін, жануарларға арналған панажайлар туралы ережелерді, жануарларды тасымалдау қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі уәкілетті органның құзыреті және өзге де құзыреттер бекітіледі.

Жұмыс тобына 250-ден астам түзетулер келіп түсті, олар мүдделі министрліктер, ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының алты отырысында және Комитеттің кеңейтілген отырысында қаралды. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұған дейін жылқыны күрекпен ұрып, азаптағандар туралы хабарлаған болатынбыз.