Атырауда қойма меңгерушісі құны 2 млн теңгеден астам тұратын киімдерді қолды еткен
Атырауда қойма меңгерушісі құны 2 млн теңгеден астам тұратын киімдерді қолды еткен
© tipdoma.com
391
оқылды
Атырауда ер адам өзі жұмыс істейтін мекемеге тиесілі 50 дана қысқы күртеше мен 20 дана комбинезонды қолды еткен, – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл жөнінде Атырау қалалық Полиция басқармасына арыз келіп түсті. Тексеру кезінде ол Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған мекемеде қойма меңгерушісі болып жұмыс істейді. Мекемеге келтірілген залал құны – 2 380 000 теңге. Қазіргі уақытта 1983 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.