Алматыда көпқабатты үйдің қабырғасына Мақатаевтың муралы салынды
Алматыда көпқабатты үйдің қабырғасына Мақатаевтың муралы салынды
451
оқылды
Бүгін Алматыда қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақынға арналған муралдың салтанатты ашылуы өтті. Бұл туындының пайда болуына Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мұрындық болып отыр. Хан тәңірінің мұзбалағы атанған ақынның суреті бейнеленген мурал қаладағы М.Мақатаев және Ә.Шәріпов көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйдің қабрғасына салынған. Муралдың ашылу салтанатына қатысқан ақынның келіні Бақытгүл Айдарова атасы жайлы естеліктерімен бөлісті. Іс-шараға «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев және жақында ғана ұлттық прокатқа шыққан «Мұқағали» фильмінің шығармашылық тобы мен ақын шығармашылығын жоғары бағалайтын жыр сүйер қауым жиналды. Муралдың авторы, суретші Нұрболат Аманқұл. Ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделханұлы, Мұқағали сынды тұлғалар осындай үйлердің қасбетіндегі қабырғаларда үнсіз тұрып-ақ руханиятқа қызмет ете беретінін атап өтті. Оның айтуынша, ақын бейнесі осы көше бойынан өткен әрбір адамға рух беретін болады.

Нұрболат АДЫРБЕК