Жамбыл облысында бірлесіп ішімдік ішкен 5 адам төбелесіп, 2 адам көз жұмды, - деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Шу қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 5 азамат бірлесіп ішімдік ішіп, отырыс соңы төбелеске ұласқан. Пышақ жарақаттары салдарынан 2 адам қаза болып, тағы 1 адам Шу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде жергілікті екі тұрғын анықталып, ұсталды», - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды.