Елімізде коронавирус пандемиясы салдарынан неғұрлым зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес өкілдеріне «Даму» қоры арқылы несие қоржыны 826 млрд теңге болатын 19,5 мың жобаға субсидия берілген.
Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік шара отандық бизнесті қалпына келтіру мақсатында іске асты. Бұл туралы «Даму» қорының осы жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылаған БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтылды. Қор өкілдері келтірген мәліметке сәйкес, 19 563 жобаға 826 млрд теңге көлемінде несие сомасы жұмсалған. Кәсіпкерлерді пандемиялық карантин кезінде қолдау Үкіметтің тапсырмасымен 3 кезеңде жүзеге асқан. Алағшқы кезеңде 8921 жоба қолдау тауып, оған қордан 476 млрд теңге несие сомасы бөлінсе, екінші кезеңде 3 323 жобаға 104 млрд теңге төленген. Ал үшінші кезеңдегі 7319 жобаға қол қойылып, 246 млрд теңгенің несие сомасы игерілді. Жиында айтылған тағы бір мәлімет карантин кезінде қордан қаржылай көмек көргендердің басым көпшілігі сауда-саттық пен қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер болған.Нұрболат АДЫРБЕК