«Қазгидромет» РМК 28 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жел соғады, күші 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі.
Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түнде 28-29 қазанда Қарағанды облысының орталығында, шығысында тұман болжанады.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды.