Өзбекстан тарапы Бибосынов – Дусматов жекпе-жегіне шағымданды
Өзбекстан тарапы Бибосынов – Дусматов жекпе-жегіне шағымданды
Фото: Sports.kz.
169
оқылды
Бибосынов-Дусматов жекпе-жегінің нәтижесіне байланысты Өзбекстанның апелляциясына  ресми үкім шығарылды. Qazsport телеарнасының комментаторы 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматовтың  жекпе-жегінің қорытындысына Өзбекстан құрамасының шағымы туралы айтты, – деп хабарлайды Sports.kz.
– Бес судьядан басқа тәуелсіз бағалаушылар да бар. Олар жекпе-жекті толығымен қайта қарап, нәтижені күшінде қалдырды. Сондықтан Сәкен келесі айналымға шығады, – деп атап өтті комментатор.
Естеріңізге сала кетейік, 1/16 финалда Сәкен Бибосынов Хасанбой Дусматовты 5:0 есебімен жеңді. 1/8 финалда қазақстандық боксшы үндістандық Дипакпен кездеседі.