Синтетикалық есірткі жасырмақ болған жігіт видеоға түсіп қалды
Синтетикалық есірткі жасырмақ болған жігіт видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан
122
оқылды
Өскеменде полицияның Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелерінің және “Сергек” автоматтандырылған бағдарламалық кешені операторларының көмегімен 19 жасар синтетикалық есірткі жасырушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны Абай даңғылындағы тұрғын үйдің ауласында ұстады. Одан 30 пакетке салынған пировалерон синтетикалық есірткі алынды. Ұсталғанға дейін тығып үлгерген, 2 жасыру орны табылды. https://www.youtube.com/watch?time_continue=9&v=o_QQQM-bQLM&feature=emb_title Жасырғаны туралы Telegram мессенджерінде хат алмасу және синтетика жасырылған орындардың фотосуреттері бар жасырушының смартфоны дәлел ретінде сотқа дейінгі тексеру материалдарына қоса тіркелді. Ұсталған азамат Өскемен қаласының УҰИ-не қамалды, аса ірі көлемде есірткі өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.