«Авиаотын таусылды»: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
«Авиаотын таусылды»: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: inbusiness.kz
335
оқылды
Энергетика министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде мәлімдеме жасады. «Нұр-Сұлтан қаласының әуежайын авиаотынмен қамтамасыз ету бойынша қазіргі жағдайға қатысты Энергетика министрлігі қыркүйек айының басында әуежайлар мен авиакомпанияларды Павлодар мұнайхимия зауытында жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы хабардар. Елордадағы әуежайда туындаған мәселені шешу мақсатында мынадай шаралар қабылданды: «Қазан айында Мұнай өңдеу зауыттарында қосымша 2000 тонна авиаотын шығарылады, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қосымша көлем бөлінетін болады; – Ірі жеткізушілер қарашаға арналған көлемдер бойынша жедел келісімшарттар жасасады және мұнай өңдеу зауыттарынан жөнелтуді жеделдетеді; – Сондай-ақ ірі жеткізушілердің бірі Нұр-Сұлтан әуежайына қосымша 700 тонна авиаотын жеткізеді. Осы орайда, әуежайлар тарапы қажет отын көлемін тек қана ірі емес, сонымен қатар шағын жеткізушілерден коммерциялық бағамен сатып алуы қажет», – деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы авиажанармай тапшылығы салдарынан әуежайдың жұмысы тоқтауы мүмкін екенін хабарлаған болатын.