28 қазанға арналған ауа райы болжамы
28 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.ru
5,123
оқылды

Таулы аудандарда қар жаууы мүмкін. Ақмола облысының солтүстік және батысында, Түркістан облысының тау асуларында, күндіз Қостанай облысының батыс және солтүстік-батысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Атырау облысының батысында, орталық және шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Қарағанды облысының орталығы мен шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік және батысында тұман түседі. Түнде оңтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.