Мектептің жанында оқушы қызды көлік қағып кетті
Мектептің жанында оқушы қызды көлік қағып кетті
Фото: 7info.ru
315
оқылды

Батыс Қазақстан облысында 27 қазан күні таңертең Mercedes көлігінің жүргізушісі оқушы қызды қағып кетті.

«Сағат 08:30 шамасында Зачаганск кентіндегі 33 жастағы Mercedes жүргізушісі мектептің жанында 10 жастағы қызды қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол үйіне қайтты» делінген ресми мәліметте.

Автокөлікті айып тұрағына қойды. Оқушы мектепке жалғыз бара жатқан, жолдан өтпек болғанда көлік қағып кеткен.

Бұған дейін Алматы облысында мектептен қайтып бара жатқан оқушыларды ішімдік ішкен жүргізуші қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.